Құқықтық сауаттылықты арттыруға арналды

6 маусым күні «Нұр Отан» ХДП Семей қалалық филиалында республикалық «Әділет кеңес береді» акциясы аясында азаматтарды құқықтық сұрақтары бойынша қабылдау болып өтті. Шараның негізгі мақсаты – жергілікті тұрғындардың құқықтық сауатын арттырып, оларға тегін ақыл-кеңес беру. Семей қаласы Әділет басқармасының басшысы Бейсембек Әл – Сейіт, «Нұр Отан» ХДП Семей қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Дархан Жұмәділов және адвокаттар мен нотариустардың өкілдері тұрғындарға жан – жақт

Төрт айдың көрсеткіші таразыланды

Қала әкімі Айбек Кәрімовтың жүргізуімен өткен кезекті аппараттық кеңесте негізінен үстіміздегі жылдың алғашқы төрт айындағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер назарға алынды. Төрт айдағы әлеуметтік-экономикалық даму мен рейтинг көрсеткіштер жөнінде экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Сүлеймен Медеуов баяндама жасап, әр сала бойынша атқарылған шаруа ларға жекелей тоқталып, нақты мысалдар келтірді.

«Шығыс тағдыры-менің тағдырым»

Қаламызда өткен «Шығыс тағдыры-менің тағдырым» атты жас патриоттар форумы еліміздің 4- маусым мемлекеттік рәміздер күніне тұспа-тұс келді. Бұл фестивальдің ерекшелігі сол, елдік ауқымдағы шараға Шығыс өңірінің талантты жастары қатысты.

ЮНИСЕФ: Бала болашағын жақсарту- басты мақсат

Қаламызда көктем басталғалы бері БҰҰ халықаралық ЮНИСЕФ балалар қоры Семей қалалық әкімдігінің қолдауымен бірқатар пилоттық жобаларды жүзеге асыруды қолға алғаны белгілі. Әсіресе, мүмкіндігі шектеулі балалардың қоғамдағы орнын айқындап, денсаулығын нығайту мақсатында әлеуметтік бағытта жұмыстар атқаруға зор ынта білдіріп отыр.

Мемлекеттік қызметкер – мемлекеттік бағдарламаның үйлестірушісі

Қала әкімі Айбек Кәрімов бұл жолғы аппараттық кеңесте берілген тапсырмалардың орындалуын қадағалай отырып, бірқатар дербес бөлімдердің жұмыстарына қатысты өз көзқарасын ортаға салды. Айта кетелік, қала басшысы соңғы сенбі мен жексенбіде дербес бөлімдермен тікелей жұмыс жүргізген еді.

Қала қазынасы толығып, салаларға серпін берді

2012 жылғы қала бюджетінің орындалу барысы, тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасының Семей қаласында жүзеге асырылуы, 2012 – 2013 жылдардағы жылу беру кезеңінің қорытындысы және келесі қысқы маусымға дайындық жұмыстары, қалалық мәслихаттың әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спортты дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның есебі Семей қалалық мәслихатының кезекті (он жетінші) сессиясында депутаттардың талқыла

Қала тазалығы баршаға ортақ

Осы мәселе бойынша қала әкімінің орынбасары Нұрбол Нұрғалиев жиын өткізді. Көктем – қаламызды көркейтіп, көгалдандыруға таптырмайтын уақыт. Сол үшін шаһар тазалығына бірінші кезекте мән беруіміз керек. Жылдағы дәстүр бойынша Семейде сәуір – мамыр айлары тазалық айлығы болып жарияланып, осы мақсатта әр сенбі сайын, бүкіл қала жұртшылығы дала еңбегімен айналысады.

Тестовый заголовок на казахском!